Денис Тен мен Димаш Құдайберген бірлескен бағдарлама әзірлеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тен мен Димаш Құдайберген бірлескен бағдарлама әзірлеп жатыр

Денис Тен мен Димаш Құдайберген бірлескен бағдарлама әзірлеп жатыр

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін әлемдік деңгейдегі спортшылардың қатысуымен айрықша шоу әзірлеуде.

  • 7 Маусым 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін спортшының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денис Тен және оның достары» мұзды шоуына мәнерлеп сырғанаудан спорт жұлдыздары Каролина Костнер, Елена Радионова, Бруно Массо, Алена Савченко, Ян Хан және тағы басқа барлық саны 17 адам қатысады. Шоудың қоюшы режиссері — канадалық Шей-Лин Бурн, музыкалық сүйемелдеуші -қазақ ұлттық-симфоникалық оркестрі.

«Мұзды шоуда жаңа қойылымдар, айрықша декорация, әдемі костюмдер, қайталанбас контент және басқа да көптеген тосынсыйлар болады, сондықтан бұрынғы шоулардан үлкен айырмашылығы бар. Және де Астананың 20 жылдығына орай арнайы ұлттық бағдарлама әзірледік. Одан бөлек біз Димаш Құдайбергенмен бірігіп бағдарлама әзірлеп жатырмыз, сондықтан «Денис Тен және оның достары» Қазақстандағы қайталанбас мұзды шоу деуге болады», — деп атап өтті Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тен.

«Денис Тен және оның достары» шоуы алғаш рет 2014 жылы болып, мәнерлеп сырғанау спортының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық  тудырған. Биылғы шоуды тамашалауға спортшылардан бөлек, Қытай, Жапония, Корея және Еуропа елдерінен 100-ден аса шетелдік турист келеді деп күтілуде. Айта кетейік, аталған шоу ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен 9 маусымда «Барыс Арена» мұз айдынында сағат 18:00-де басталады.  


Оқи отырыңыз:

Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!

Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды 

Елбасы Қытайға ресми сапармен барды

Соңғы жаңалықтар