Бұл ақпаратты №12 орталық аурухананың қабылдау бөлім растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денис Тен бізге түскі сағат 15:00 шамасында түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», — деді аурухана мамандары. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны біреу пышақтап кеткен. Айта кетсек, 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.