Денис Тен құрлық және әлем чемпионатына қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тен құрлық және әлем чемпионатына қатыспақ

Денис Тен құрлық және әлем чемпионатына қатыспақ

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен алда қатысатын жарыстарын жариялады, деп жазады Аламан порталы.

  • 3 Қаңтар 2016
  • 568
Фото - Caravan.kz

Астанада өткен жанкүйерлермен кездесуде Денис Тен ақпанда Тайпейде өтетін «Төрт құрлық чемпионатына» баратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ наурызда АҚШ-тың Бостон қаласындағы әлем чемпионатына қатысады.

« Ақпандағы «Төрт құрлық чемпионатына» дейін Еуропада өтетін коммерциялық жарыстарға қатысу ойда бар. Негізгі басты жарыс Бостондағы әлем чемпионаты болмақ», — деді Тен.

Денис Тен былтыр Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен «Төрт құрлық чемпионатында» алтын медаль алған. Ал Шанхайдағы әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген еді.


Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ақпанда Лиллехамерде (Норвегия) өтетін жасөспірімдер олимпиадасына барады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера