Қазақстан құрама командасы бұл турнирге қатыспағандықтан, Денис арнайы шақырылған қонақ ретінде өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаушы екі нөмірімен жергілікті жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.
Турнир аяқталғаннан соң Денис Твиттердегі парақшасында өзінің алған әсерімен бөлісті: «Командалық әлем чемпионаты аяқталды. Қызықты сайыс болды. Мен мұндай турнирге қатысқаныма өте қуаныштымын», — деп жазды спортшы.
Әлемнің алты жетекші командалары қатысқан чемпионаттың жеңімпазы аталмыш спорттың төрт түрі бойынша өнер көрсету қорытындысы бойынша анықталды. Әр орын үшін елге ұпайлар жинақталды. Осылайша ерлер арасында сырғанаудан жапондық Дайсуке Такахаши жеңіске қол жеткізді, мұнда екінші орынды Канададағы әлем чемпионатында біздің Денисті жеңген канадалық Патрик Чан алды.
Әйелдер арасында ең үздік спортшы күншығыс елінің өкілі Акико Судзуки болды. Жұптасып сырғанаудан ресейлік Максим Траньков және Татьяна Волосожар жеңімпаз болды. Мұзда билеуден американдықтар Мэдисон Чок пен Эван Бейтске тең келер қарсылас болмады.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар
![]()
Ерлер және әйелдер арасында екі жеңіске қол жеткізгеніне қарамастан Жапония жалпы есепте үшінші орынды місе тұтты. Әлем чемпионатында АҚШ құрамасы жеңіске жетсе, екінші орын канадалықтарға бұйырды.
Мәнерлеп сырғанау. Командалық әлем чемпионаты. Токио, Жапония. Қорытынды.
1. АҚШ — 57 ұпай
2. Канада — 51 ұпай
3. Жапония — 49 ұпай
4. Ресей — 39 ұпай
5. Қытай — 35 ұпай
6. Франция — 31 ұпай