Онда қысқа, еркін және екі күннің қорытындысы бойынша 3 медальдар топтамасы сарапқа салынған болатын. Азия ойындарының чемпионы алматылық Денис Тен қысқа бағдарламада 73.78 балл жинап, кіші қола медалді иеленді. Ал жарыстың қысқа және еркін бағдарламасының қорытынды хаттамасында 208.20 баллмен төртінші орын алды.
«Бұл Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатындағы алғашқы қола медаль. Кіші медаль — бұл да медаль», — деді жарыстан кейін Д. Теннің американдық бапкері Фрэнк Кэрролл. Денис енді 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында Францияның Ницца қаласында ересектер арасында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынағалы отыр. Ф. Кэрролдың айтуынша, онда қазақстандық спортшы үздік ондықтың қатарынан орын алуды жоспарлауда.