«Бүгін біздің алқа мәжілісімізге 2013 жылдың қорытындысында «Жыл серпіні» аталымы бойынша «Жыл спортшысы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанған Сочиде өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен қатысып отыр»,- деді агенттік басшысы Т.Есентаев.
Осыдан кейін вице-премьер спортшыны байрақты бәсекедегі жеңісімен құттықтап, арнайы мүсінше мен диплом табыс етті.