Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Кэрролл жаттықтырған үш спортшы - Линда Фратианн, Мишель Кван мен Эван Лайсачек – әлем чемпионадары атанған.

  • 1 Тамыз 2018
  • 52
Фото - Caravan.kz

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондарын жаттықтырған әйгілі америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл зейнетке шығады, деп хабарлайды Sputniknews.kz. 

International Figure Skating Magazine сайтының мәліметіне сүйенсек, Кэрролл мәнерлеп сырғанаушыларды 60 жыл бойы жаттықтырған екен. 3 тамыз бапкердің соңғы ресми жұмыс күні болмақ.

"Мені қаншалықты бағалайтынын айтып әрқайсы жылады",  — дейді Кэрролл.

АҚШ азаматы бапкерлік мансабын 20 жасында колледжің соңғы курсында оқып жүргенде бастаған. Кэрролл жаттықтырған үш спортшы — Линда Фратианн, Мишель Кван мен Эван Лайсачек – әлем чемпионадары атанды.

Бапкердің әзірге жоспары жоқ, бірақ АҚШ жастары арасында мәнерлеп сырғанау спортын дамыту бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастырғысы келеді.

"Сонда белсенді өмір салтын жоғалтпаймын. Саяхаттағым да келер еді, бірақ онымен күнде айналыса алмайсың ғой. Қазір жасым 80-де, мәнерлеп сырғанаушылар үшін жауапты болғым келмейді. Қанша рет ұшақпен ұшқанымды білсеңіз ғой. Осы жылдар бойы бейнеттеніп жинаған ақшамның зейнетін көрсем деймін", — деп ойымен бөлісті Кэрролл.


Бапкердің шәкірттері арасында – танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де болған. 25 жастағы спортшы шілде айының соңында Алматыда автоұрылар қолынан қаза тапты. Спорт жұлдызының қазасын бүкіл Қазақстан жұртшылығы зор күйзеліспен қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар