Денис Теннің соты: Күдікті тапсырыспен адам өлтірмегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Теннің соты: Күдікті тапсырыспен адам өлтірмегенін айтты

Денис Теннің соты: Күдікті тапсырыспен адам өлтірмегенін айтты

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот жалғасуда. Сот барысында күдікті Арман Құдайбергенов адвокат Нұрлан Үстеміровтың сұрақтарына жауап беріп, спортшының өлімі тапсырыс болмағанын жеткізді.

  • 14 Қаңтар 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін А. Құдайбергенов спортшыны өзі өлтіргенін,  кейін ол жауабын теріске шығарған болатын.
“Сотта айтқандарымның барлығы шындық. Кейбір тұстарын ұмытуым мүмкін. Мәселен, Денис кеп қалғанда  айнаны бере салдым дегедей.  Бұл басында кінәні өз мойныма алайын дегенде айтылған,  содан кейін бар шындықты айтуға бекіндім”, — деді ол.
Сондай-ақ ол спортшымен төбелескенін, бірақ пышақ салмағанын, оның сөмкеде болғанын айта келе, адам өлтіруге қатысты тапсырыс болды деген айыппен келіспейтіндігін жеткізді.
“Бұл таза ұрлық еді. Тапсырыспен адам өлтірді дегенге келіспеймін. Кешіріңіздер,  көп нәрсе сіздер ойлағандай емес. Біздің адам өлтіретін еш ойымыз болмады. Бәрі аяқастынан болды”, — деді А. Құдайбергенов.

Соңғы жаңалықтар