Денсаулығым сигнал беріп жүр - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулығым сигнал беріп жүр - Жазира Байырбекова

Денсаулығым сигнал беріп жүр - Жазира Байырбекова

Елінің сүйікті әншісі, қыз ұзатуда нөмірі бірінші сұранысқа ие Жазира Байырбекова денсаулығы жайлы айтты.

  • 14 Шiлде 2021
  • 15214
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әнші инстаграм парақшасында әйелдің бойынан табылатын қасиеттер туралы ойын жазды:

"Қыз-келіншектер,аналар!
Баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат тілеймін!
Қанша ауырып тұрса да “Мен ауырып жатырмын,мазаламаңдар мені”, деп үйінде еркін жата алмайтын.

Таңға дейін ұйықтамай жұмыстан келсе де бала-шағасына,күйеуіне “мен жұмыстан келдім,қазір қайта жұмысқа барамын.ұйықтап,демалуым керек” деп айта алмайтын,

Ауырып тұрса да “осы сен-ақ ауыра бересің” деген сөзді естіп қалмайын деп білдіртпей жүретін
Қыз-келіншектер Қызылорданың келіндерінде ғана ма?
Әлде барлық қазақ келіншектері солай ма?

Әрине бәрі өзіміз үшін,отбасымыз үшін ғой. Бірақ, жан-дүнием демалып ал деп сигнал беріп жүр.

Өнерден, үй шарусынан бөлек, кішігірім жұмыстарымыз барын білесіздер.
Әр істе береке болу үшін бар күшіңді салмасаң тағы болмайды.
Келінім қай өңірде жүр екен???
Келініііім,қайда жүрсің? Көмегің керек?

ikazeke мамасының жағыдайын ойлайтын түрі жоқ.Өзің келе берш", деп жазды әнші.