Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруы бойынша ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруы бойынша ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруы бойынша ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге баратындарға ескерту жасады

  • 12 Сәуiр
  • 16
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған елдердің қатарында Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері бар.

Министрлік төмендегідей бірнеше кеңесті ұсынды:

•⁠ ⁠қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

•⁠ ⁠әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

•⁠ ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;

•⁠ ⁠жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;

• тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

•⁠ ⁠тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;

•⁠ ⁠аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!