Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Әбішевтің үстінен арыз жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Әбішевтің үстінен арыз жазды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Әбішевтің үстінен арыз жазды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің атына арыз жазды.

  • 24 Қаңтар 2023
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елордада өткен апелляциялық сот барысында бұрынғы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Ұлыммен жаттығу залында жүргенімде, кеше полициядан хабарласып, менің атыма қазіргі министр Ажар Ғинияттан арыз түскенін айтты. Бір нәрсе ғана белгілі, ол – осы сот процесінде айтылған ақпаратқа қатысты екендігі. Мен қатты таңқалдым. Себебі сотта мәлім болған ақпараттың барлығы ашық дереккөздерден алынған, ешқандай инсайдерлік ақпарат жоқ. Неліктен менің үстімнен арыз жазылғанын түсіне алмадым. Адвокат Берсанова полицияға барып, арызбен танысуға сұрап еді, бермеді. Өз басым бұл әрекетті маған жасалған қысым деп түсінемін. Бұл сотта біз қазіргі Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының барлық жағымсыз жағы мен жұмыстағы немқұрайлылығын көрсетіп жатырмыз. Ажар Ғиният ханымға осы ұнамай қалған болуы тиіс, — деп атап өтті Олжас Әбішев.

Айтуынша, шындықты білу үшін адвокатымен анық-қанығын анықтаймыз деп отыр.


Түстен кейін барып, материалмен танысып, арыздың мән-жайын білгелі отырмыз, — деді ведомствоның бұрынғы басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, жылы 28 қазанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот шешімі шыққан болатын. Сот Біртановты Қылмыстық кодекстің 3-тармақ 4-бөлім 3 61-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып және бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Ал Елжан Біртановтың орынбасары болған Олжас Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу туралы шешім шығарды. 

Соңғы жаңалықтар