Денсаулық сақтау министрі халықаралық сарапшылармен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін таратпау мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрі халықаралық сарапшылармен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін таратпау мәселесін талқылады

Денсаулық сақтау министрі халықаралық сарапшылармен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін таратпау мәселесін талқылады

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. Өткен сенбіде Астанда еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой халықаралық сарапшылар тобымен кездесіп, еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін таратпау мақсатында алынып жатқан шаралардың жайын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2006
  • 330
Фото - Caravan.kz

Министрмен кездесуге Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей, СиДиСи халықаралық ұйымының өкілі Михаил Фаворов пен ЮСАИД өкілі Керри Пельзман қатысты.

Кездесуге қатысқан сарапшылардың пікірінше, «қазіргі жағдаймен індет жұқтырған балалардың саны анықталды». «Бұл санға қан ауыстырудан өткен және облыстық және қалалық медициналық мекемелерде емделген балалардың басым бөлігі енді. Демек, ауру ошағында бұдан былай да індет жұқтырудың жекелеген жағдайларын тіркеу мүмкіндігін жоққа шығармай, індеттің таралуы тоқтатылды деген тұжырым жасауға негіз бар»,- деді кездесуге қатысушылар.

Сонымен бірге кеңесте ВИЧ індетін жұқтырған сегіз баланың қайтыс болу себептері талқыланды. «Балалардың індетпен қоса басқа да ауыр дерттен қайтыс болғаны расталды. Сонымен бірге дәл осы бұрынғы қосалқы аурулар балалардың бірнеше мәрте ауруханаға жатқызылуына себепкер болғаны анықталды».

Кең көлемді зерттеу нәтижесінде ВИЧ індетін жұқтырған 8 баланың аналарынан да індет анықталғаны белгілі. «Қазір індеттің төте жұғу жолдары молекулалық эпидемиология әдістерімен зерттелуде. Оны жүзеге асыруға СиДиСИ тарапынан көмек көрсетілді»,- деп хабарлайды министрлік.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырғандарды толық анықтау үшін 48 949 адам, соның ішінде өткен жылдың қазан айынан бері ауруханаларда емделген бес жасқа дейінгі 9157 бала, 198 донор, 3143 медицина қызметкерлері, 25 506 екіқабат әйел тексеруден өткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта