Денсаулық сақтау министрлігі медицина колледждеріндегі білім сапасына қойылатын талаптарды күшейтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі медицина колледждеріндегі білім сапасына қойылатын талаптарды күшейтпек

Денсаулық сақтау министрлігі медицина колледждеріндегі білім сапасына қойылатын талаптарды күшейтпек

2013 жылы Денсаулық сақтау министрлігі елдегі барлық медицина колледждерін тәуелсіз аккредитациядан өткізбек.

  • 30 Қазан 2012
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Жуырда медициналық колледждерге қойылатын талаптар күшейеді, соған дайындалу қажет», — деп сейсенбі күні денсаулық сақтау жүйесі менеджментін дамыту жөніндегі конференцияда Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда республика аумағында 60-тан астам медицина колледжі жұмыс істейді.
«Бізге соншама колледждің қажеті жоқ, әрине. Саннан сапаға ауысатын кез жетті. Сонда даярланып жатқан, алдағы уақытта дәрігерлік қызметті сеніп тапсыратын мамандарымыздың біз үшін маңызы зор. Сондықтан, біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып осы медколледждердің қызметіне қойылатын талаптарды әзірлеп шығамыз. Және келесі жылы барлық колледждерді тәуелсіз аккредитациядан өткіземіз деп ойлаймын», — деді вице-министр.
«Заман деңгейі мен стандарттарға сай келетіндер болса жұмысын істей берсін. Бірақ, кейбірінің сол талаптарға жауап бере алмайтынын білемін, біз солармен жұмыс істейміз», — деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар