Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын біршама көтеруді қолдайды.

  • 30 Қазан 2012
  • 1113
Фото - Caravan.kz

«Қазір жаңадан жұмысқа кіріскен дәрігердің жалақысы 35-40 мың теңге. Мұны ісзедр жақсы білесіздер және бұл өте үлкен мәселе. Осыған орай біз үкіметке осы мәселені шешуді ұсынып отырмыз», — деп сейсенбі күні денсаулық сақтау жүйесі менеджментін дамыту мәселесіне арналған конференцияда Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

«Жалпы, біз алдағы уақытта сараланған жүйе бойынша, яғни мамандардың еңбек ақысын біліктілік деңгейіне қарай төлеу жағын жетілдіру қажет. Менің ойымша, бірінші, екінші және жоғарғы санат дәрігерлерінің жалақысы арасындағы айырмашылықты бірнеше есе арттыру керек», — деді Е.Байжүнісов.
«Бірінші, екінші және жоғарғы санаттар арасындағы айырмашылық қазіргідей 10-15 мың теңге емес, 150-200 мың теңге болуы тиіс», — деп атап өтті вице-министр.
«Қосымша ақыны 100 пайыз өсіруді ұсынып отырмыз. Бірақ оны бюджет қолдай ма, жоқ па, көре жатармыз», — деді ол.
«Бірақ біз ондай жалақыны еңбек өтіліне қарай емес, сол біліктілік талаптарына сәйкес келетіндерге беруіміз қажет», — деп атап өтті вице-минитр.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі мамандар біліктілігі мәселесін ерекше бақылауға алмақ.
«Жан сақтау бөлімінде күре тамырға ине сала алмайтын медбике жұмыс істемеуі тиіс. Әйелдер консультациясында жұмыс істеген гинекологтың жоғарғы санат иеленуіне жол бермеу керек. «Жоғары» деген нәрсенің бәрі жоғарғы деңгейде берілуі тиіс», — деп атап өтті Е.Байжүнісов.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша дәрігер өзі дайын болған уақытта санатын жоғарылата алады.
«Қазіргі жүйе бойынша категория алғысы келген дәрігер әр бес жыл сайын сынақтан өтуі тиіс. Бұл жүйенің осалдығы да осында. Ал, біздің ұсынысымыз бойынша, дәрігер дайын болса категорияны 3 жылда да, 10 жылда да ала алады», — деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар