Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "жасыл", "сары" және "қызыл" аймақтар туралы ақпарат берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Caravan.kz порталы. 22 ақпандағы мәліметтер бойынша "қызыл" аймақта әлі де Қазақстанның бірде-бір аймағы жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысы әлі де "сары" аймақта.
⠀
Қалған өңірлер — "жасыл" аймақта.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша 699 жағдай тірелгені хабарланған еді.