Жарияланды: 830

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы ҒЗИ құрылысына бөлінген қаржы заңсыз жұмсалды деген айыптаулармен келіспей отыр

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Болат Сыдықов тергеудің Астанада «Жедел жәрдем» ғылыми-зерттеу институтының құрылысы үшін төлем жасау кезінде қаржы заңсыз жұмсалды деген қорытындысымен келіспейді.

Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев аталған ҒЗИ-ді пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік комиссия құрып, жауапты хатшы Б. Сыдықовты комиссияның төрағасы етіп белгілеген. Аталған ҒЗИ-дің құрылысы кезінде бұзушылықтар, кемшіліктер мен олқылықтар анықталған. Б. Сыдықов Ж. Досқалиевке бұл туралы бірнеше рет баяндаған. Дегенмен, бұрынғы министр Б. Сыдықовқа нысанды мемлекеттік қабылдау актісіне қол қою туралы нұсқау беріп, нысан ашылды. Осылайша, ведомствоның бұрынғы жауапты хатшысы нысан пайдалануға беруге жарамайтынын біле тұра, мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне актіге қол қойдырып, Ж. Досқалиевтің заңсыз нұсқауларын орындаған. Алайда Б.Сыдықов сәрсенбі күні өзінен жауап алу кезінде мәлімдегендей, Ж. Досқалиев күнде өтетін кеңестерде олқылықтарды жою туралы нұсқау беріп отырған. «Жақсылық Ақмырзаұлы өте мықты басшы, ол әрбір мәселені түбіне дейін түсінуге тырысады. Досқалиев олқылықтардың бәрін түзету бойынша хаттамалық шешімдер енгізіп отырды. Мен денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратына көшпелі нотариусты, бас мердігер – түркиялық Okanconstruction компаниясын шақырттым. Кемшіліктерді жоюды, жетпейтін жабдықтар мен жиһаздарды жеткізуді нотариалдық түрде бекіттік», - деді ол. Бірақ фирма өз міндеттерін баяу орындады, дейді экс-жауапты хатшы. Мемлекеттік комиссия нысанды 4 ай бойы қабылдады. Бұл уақытта бірқатар кемшіліктер жойылды, мұны «нысан бойынша ақырғы төлем жасауды талап еткен» бас мердіген құжат жүзінде қуаттады. Т673 млн-нан аса соманың ескертулері түзетілді. Ал денсаулық сақтау министрлігі нысан бағасының10%, яғни Т810 млнтөлеу қалды. «Мердігерлік ұйымдардың жауапты тұлғалары аталған соманың (Т673млн – ҚазТАГ)жұмыстарын орындағаны туралы құжатқа қол қойғанын көріп, мен төлем туралы құжатқа қол қойдым. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ақырғы төлем жасады деген тергеудің қорытындысы шындыққа сәйкес келмейді, өйткені ақырғы төлем небәрі 10%-дық қалдық түрінде ғана жасалады. Бұл жағдайда ақырғы төлем жасалған жоқ», - дедіБ.Сыдықов. «Бүгінгі күні денсаулық сақтау министрлігінің есепшотында мердігерге төленбеген 223 миллионтеңге көлеміндегі қалдықтың болуы бұл нысан бойынша ақырғы төлемнің жасалмағанын қуаттайды», - деді ол. Сондай-ақ, ол Ж. Досқалиев министрлікке келгенде нысан 92%-ға дайын болғанын жеткізді. Ал Т7 млрд 200 млн көлеміндегі ірі сома министр Анатолий Дерновойдың кезінде төленіп, қаржы органдары қол қойған. «Демек, сот-құрылыс сараптамасының, сот-бухгалтерлік сараптаманың барлық қорытындылары сол 7 млрд 200 млн теңгеге қатысты және бұрынғы министрдің (Анатолий Дерновой - ҚазТАГ) жұмысының көрінісі болып табылады. Бұған қоса, бұл нысан туралы келісімшартта жұмыс комиссиясының ескертулер мен олқылықтарды 10 күн мерзімде орындау туралы айтылған. Бірақ жұмыс комиссиясының олқылықтарды жою бойынша ескертулер актісі Дерновойдың кезінде орындалмаған, ол министрлікте де, қылмыстық істің материалдарында да жоқ», - деп хабарлады сотталушы. Жалпы айтқанда, құрылыс нысанын қабылдау туралы мемлекеттік актіге «ерекше пікірмен» қол қойылған. «Архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелерінің айрықша пікірі мен ескертулері болса, мемлекеттік актіге айрықша пікірмен қол қойылатыны айтылған 78-ші бабына сәйкес, мен комиссияның төрағасы ретінде осы заңның күшімен аталған актіге айрықша пікірмен қол қойдым», - деп нақтылады ол. Сонымен қатар, Б.Сыдықов сотқа «ҒЗИ нысанын мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне қысым көрсетпегенін» айтып сендірді. «Мен қылмыстық жазаланатын әрекеттер жасаған жоқпын, менің барлық әрекеттерім қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалды. Нысан қазір жұмыс істеп тұр», -деді бұрынғы жауапты хатшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін