Денсаулық сақтау нысандарының құны 2007 - 2009 жылдары 22 млрд теңгеге қымбаттайды - Орынбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау нысандарының құны 2007 - 2009 жылдары 22 млрд теңгеге қымбаттайды - Орынбаев

Денсаулық сақтау нысандарының құны 2007 - 2009 жылдары 22 млрд теңгеге қымбаттайды - Орынбаев

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында денсаулық сақтау нысандарының құны 2007 - 2009 жылдары 22 млрд теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында вице-премьер Ербол Орынбаев ағымдағы жылдың қазан айында "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аймақтардағы жүзеге асырылуын тексерген үкіметтік комиссияның іс-қызметінің қорытындычын жария ету барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қараша 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Денсаулық сақтау нысандарының құны 2007 — 2009 жылдары 22 млрд теңгеге қымбаттайды. Оларды қымбаттату жөнінде тікелей әкімдіктер бастама көтеріп отыр», — деді Е. Орынбаев.

Оның айтуынша, бұл проблеманың ауқымы арта түсті. «Егер 2007 жылы денсаулық сақтау нысандарының құнының қымбаттауы 24 нысан бойынша 6 млрд теңге болса, 2008 жылы бұл қаржы 17 нысан бойынша 7,3 млрд болды. Ал 2009 жылға қымбаттатуға деген қажеттілік 8,3 млрд теңгені құрап отыр»,- деді вице-министр.

Е. Орынбаевтың айтуынша, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында 103 денсаулық сақтау нысанын салу қарастырылған. Қазір жобаны қаржыландыру көлемі 300 млрд жуық теңгені құрайды. 15 қарашадағы жағдаймен аймақтарда 74 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр, соның ішінде биыл 63 нысанның құрылысын салу биыл басталған, деді вице-премьер.

2009 жылы тағы 29 нысан салына бастайды, соның ішінде республикалық маңызды 4 нысан бар. Ағымдағы жылдың аяғына таман 7 денсаулық сақтау нысаны салынып бітеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар