Денсаулық сақтау саласының игілігіне жұмсалатын шығындар көлемі арта түседі - мемлекеттік хатшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау саласының игілігіне жұмсалатын шығындар көлемі арта түседі - мемлекеттік хатшы

Денсаулық сақтау саласының игілігіне жұмсалатын шығындар көлемі арта түседі - мемлекеттік хатшы

Денсаулық сақтау саласының игілігіне жұмсалатын шығындар көлемі арта түседі. Бұл туралы бүгін, 23-қазанда Алматыда ашылған Қазақстан терапевтерінің 6-құрылтайында ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.

  • 23 Қазан 2003
  • 773
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласына арналған биылғы бюджет 21 млрд. теңгеге арттырылып, қазіргі жағдаймен 92 млрд. теңгені құрайды. Ал 2004-жылы қаржы көлемі 126 млрд. теңгеге жетеді. Ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне 2005-жылы 90 млрд. теңге жұмсалғалы отыр.

Мемлекеттік хатшының айтуына қарағанда, соңғы 2 жылда денсаулық сақтау саласына арналған шығындар көлемі 87 процентке өскен.
И.Тасмағамбетов сондай-ақ, ірі көлемде қаржы бөлінуінің арқасында тек соңғы екі жылда ауылдық жерлердегі 1 мыңға жуық денсаулық сақтау нысандары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы медициналық жабдықтарды сатып алуға ауқымды қаржы арналғанын жеткізді. Соның нәтижесінде 15 мың алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем нысандары жабдықталып, 300 санитарлық автокөліктер сатып алынған.
«Елімізде денсаулық сақтау жүйесін пәрменді дамыту мақсатын өзекті мақсат ретінде алға қоюға негіз жеткілікті. Бұл орайда біз аталмыш мақсат әлемдік тенденциямен қаншалықты үндеседі дегенді дәйекті болжай білуіміз қажет»,- деді И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар