Депардье Белоруссияда «шаруалар» арасында өмір сүруге ниет танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депардье Белоруссияда «шаруалар» арасында өмір сүруге ниет танытты

Депардье Белоруссияда «шаруалар» арасында өмір сүруге ниет танытты

Француз актері Жерар Депардье Александр Лукашенконы құрметтегендіктен Белоруссияда тұруды қалайтынын мәлім етті.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

"Қазір Италияда тұрамын. Жақын арада Белоруссияға көшемін, шаруалар арасында тіршілік кешемін. Өйткені ондағы табиғат көркем және президенті жақсы адам", — деді Депардье Le Figaro француз газетіне берген сұхбатында.

Актер Еуропаның даму жолы, қазіргі еуропалық лидерлер мен ЕО-ның мигранттар мен фермерлерге деген қатынасы ұнамайтынын айтты.  

Депардье Белоруссияда шілде айында болған.  Ол президент Лукашенкомен кездесті. Мемлекет басшысы оған ауыл шаруашылығындағы жұмысты көрсетіп, шөп шабуды үйретті.


2013 жылдың қаңтарында ресейлік азаматтықты алған Депардье Ресей президенті Владимир Путинді құрметтейтінін де айтқан.

Соңғы жаңалықтар