Депардье Ресей төлқұжатын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депардье Ресей төлқұжатын алды

Депардье Ресей төлқұжатын алды

Француз актері Жерар Депардье Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үстінде ресейлік төлқұжатқа ие болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі бүгін мемлкет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

  • 7 Қаңтар 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

Кремльдің сайтында хабарланғандай, Путин Депардьемен 5 қаңтар күні кешке кездесті. Песковтың айтуынша, кездесу қысқа болды. Оның барысында Ресей президенті мен француз актері сондай-ақ Депардье басты рөльде ойнаған Григорий Распутин туралы картинаның ресейлік прокатқа шығуын талқылады.

Депардье Сочиге 5 қаңтарда чартерлік рейспен келді. Ресей азаматтығы оған 3 қаңтарда берілді. Песков мұны актердің ресей кинематографын дамытуға қосқан ірі үлесімен байланыстырды.

Депардьенің француз азаматтығынан бас тартатыны 2012 жылы желтоқсанда — актер тұрақты тұрғылықты орны Бельгияға кеткеннен кейін белгілі болды. Депардьенің шешімін баспасөз президент Франсуа Олландтың миллион еуродан асатын кіріске 75 пайыздық салық салу туралы ұсынысымен байланыстырады.

Ресей азаматтығын алуына түсініктеме бере отырып, Депардье бұған қуанышты екенін, өзінің ресей мәдениетін құрмет тұтатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путинмен де өзара сыйластықта екенін айтты.

Бүгін француз актері Жерар Депардье Мордовияның астанасы — Саранскіге келді. Әуежайда актерді халдық әндерімен және құймақпен қарсы алды. Депардье жиналғандарға жаңа ресейлік төлқұжатын мақтанышпен көрсетті. Бұдан кейін қаланың көрнекті орындарын аралады.

Республика басшысы Владимир Волков актерге қаланың жаңа құрылыстарынан пәтердің кілтін тапсырды, сондай-ақ оған Инсар өзенінің жағасында орман ішінен арнайы үй салып бермек.
«Российская газетаның» мәліметтері бойынша Мордовьяға Депардьені оның досы — РФ Мемлекеттік фильм қорының директоры, осы республиканың тумасы Николай Бородачев шақырған. Депардье Саранскіде Рождество мейрамының басталуына қатысып, бүгін түнде Цюрихқа ұшып шығады.