Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қазіргі тәжірибе бойынша демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім тек 2 апта немесе 1,5 ай бұрын қабылданады, бұл бизнеске кедергі келтіреді.
Депутат 2025 жылы бірден 2025-2027 жылдарға арналған демалыс күндерінің кестесін бекітуді сұрайды. Бұл қадам кәсіпорындарға өз өндірістік және бизнес-процестерін алдын ала жоспарлауға, ал азаматтарға демалысын ертерек белгілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар депутат 1 маусым — Балаларды қорғау күнін ресми мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынды. Ол бұл бастаманың балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқатына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және Қазақстанның әлеуметтік-бағдарлы имиджін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Депутат Үкіметтен осы ұсыныстар бойынша ресми ұстанымын білдіруді сұрады.