Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Депутат бюджет нақтыланғанда қорғаныс шығындарының қысқартылғанын алға тартты.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігін сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір азаматтың, әсіресе қарулы күштер мен сыртқы саясаттыі міндеті екенін айтты. Соңғы жылдары тәуелсіздікті сақтаудағы армияның рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Алайда бюджет нақтыланған кезде қорғаныс шығындарының қысқартылып жатқаны белгілі болды. Соңғы бес жылда, яғни 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш 1%-дан 0,48%-ға дейін төмендеді. Кейін 0,7%-ға дейін аздап өсті”, – дейді Ғалиасқар Сарыбаев.
Сенат депутаты Қазақстан армиясына бөліген қаражаттың басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай аз екенін айтады.
“Global Firepower рейтингі бойынша 2023 жылы Қазақстан армияны қаржыландыру бойынша 145 елдің арасында 42-орында тұрса, 2024 жылы 58-орынға төмен түсті. Бұл біздің еліміздің экономикасы әлсіз мемлекеттермен бір деңгейде екенін көрсетеді. Геосаяси жағдайдың нашарлаған кезде қорғанысты нығайтып, армиямызды жетілдіріуіміз керек, қазір аласапыран заман”, – дейді депутат.
Ол Қазақстан жоғары технологиялық және мобильді қарулы күштерді дамытып, әскери кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, әскерилерге деген құрметті арттыруы керегін баса айтты.