«Бұл шаруашылық мәселе , бұл шын мәнісінде өте маңызды қылмыстық іс, және мұнда ешқандай саясат жоқ»,-деді Д.Назарбаева.
Д. Назарбаева Нұрбанк басшысының жуырда ауысқанын айта кетті. «Жаңа басшы келді. Аудиторлық тексеру басталды (бұл кез-келген мекемеде болатын қалыпты жағдай). Белгілі бір шаруашылық, қаржылық заң бұзушылықтар анықталды»,-дейді депутат.
«Менің білуімше, банктің бұрынғы басшысы үй тұтқынына алынған. Сондықтан оның жоғалғаны, оны ұрлап кеткендігі туралы әңгімелер — сыбыс қана… Оны неге әйелі көрмеген. Мен ол жағын білмеймін. Бұл бізге қатысты емес. Ал, банкке қарулы шабуыл жасағандарға тоқталсақ, олар да тұтқынға алынды, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр»,-деп атап өтті Д.Назарбаева.
Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған Нұрбанктегі жағдайға жұбайы Рахат Әлиевтің қатысы бар деген ақпаратқа қатысты Дариға Назарбаева былай деді : «Бұл кезекті ойдан шығарылған жәйт, қарапайым қылмыстық істі саяси ойынға айналдыруға тырысушылық».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті