Депутат Назарбаева XXI ғасырда матриархат жаулайтынын айтады
![]() |
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның пікірінше, таяудағы он жылдықта әйелдер қоғамдық және саяси өмірдің барлық салаларында жетекші орындарға шығады. |
«Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда демографиялық статистика маңызды бір бағыт - планетада әйелдер санының артуына тіреледі. Орталық Азия елдерінде әйелдер мен ерлердің жалпы арақатынасы барлық жерде бірдей: 51-52%-ы әйелдер, 48-49%-ы ерлер», деп ол бүгін Астанада үшінші Еуразиялық әйелдер саммитінде атап көрсетті.
«Жаңа туған нәрестелерді қоса есептегенде, қыздар саны бірқатар елдерде ұлдардан асып түседі және бұл алшақтық арта түсуде. Ерлер арасында өлім саны көп, ерлерімізді жоғалтудамыз», - деп депутат алаңдаушылық білдірді.
«Мен саммитіміздің аленарлық отырыстарының тақырыптарын қарап шықтым да, бүгінгі таңда ерлерге қалай «жасыл экономика» құру керектігіне арналған брде бір сессияны көрмедім. Қыздар, ерлерімізді құтқаруымыз қажет», - деп Н.Назарбаева форумға қатысушылар алдында атап көрсетті.
Ол осындай жағдайда ескере отырып, алдағы 20-30 жылда әйелдер жұмыс берушілердің көп бөлігін қамтитынын болжау қиын еместігін айтады.
«Менің ойымша, 21 ғасыр қоғамның барлық қызмет салаларында, саясатта, қоғамдық өмірде, бизнесте, білім беру саласында әйелдер алдыңғы қатарға шығатын ғасыр болады десек асыра айтқандық болмас. Тіпті олар шықты деп те айтуға болады. Отбасы өміріндегі басшылық туралы айтпаса да түсінікті», - деп ол сөзін түйіндеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін