Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kaktus.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қыздары тек қазақ тілінде хабар тарататын "Балапан" телеарнасын көріп отырады екен.
"Ал біздің "Баластан" каналымыз жартылай орыс тілінде хабар таратады. Сондықтан балалар мемлекеттік тілді үйренуі үшін телеарнаны толығымен қырғыз тіліне аудару қажет", — деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ, ол мигранттардың заңды құқықтары туралы үйрету үшін мемлекеттік бағдарлама құруды ұсынды.
"Біздің жас жігіттер 11-сыныпты бітірген соң, доллар аспаннан жаңбырша жауатындай көріп, ақша табуға сыртқа кетеді. Ата-аналар зардабын ойламай, оларды жібере салады.
Өткен жылдың 6 айдың ішінде Ресейде есірткі таратқаны, сатқаны және өндіргені үшін біздің 201 мигрант ұсталды. Олар бизнес жасайды деп ойлайсыз ба? Жоқ, олар қосымша 10-15 мың ақша тапқысы келеді, ата-аналар түсіндірмейді, мигранттардың құқықтық білімін арттыру туралы мемлекеттік жүйе жоқ. Осылайша қанша бала ұсталғаны бір Құдайға белгілі", — деді Қадырбеков.
Желі қолданушылар "Құдайым, қандай ақымақ. Осындайлар сияқты адамдардың басында не бар?", "Ал оның қыздары неге жергілікті Баластанды емес, қазақша "Балапанды" көреді? Мүмкін, тілге емес, контеннтың сапасына байланысты шығар", "Қадырбеков, сенің балаларың дұрыс істеп жатыр. Өйткені шетелде, олар қырғыз тілінде кіммен сөйлеседі?" деген пікірлер қалдырды.