Жарияланды: 440

Депутат Рахметов Қазақстанның әуежайларын басқару жөніндегі мемлекеттік компания құруды ұсынуда

Мәжіліс депутаты Ержан Рахметов азаматтық авиацияны дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау керек деп санайды. "Үкімет ұлттық тасымалдаушы болып табылатын ірі "Эйр Астана" қазақстандық брэндін құрған екен, демек, республиканың әуежайлары дамуға тиіс және халықаралық стандарттарға сай болуы керек", деді депутат сәрсенбіде пленарлы отырыста премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына жазған депутаттық сұрағын жария еткен кезінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін