Депутат Р.Мұқашев сотталғандарды оңалту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Р.Мұқашев сотталғандарды оңалту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

Депутат Р.Мұқашев сотталғандарды оңалту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

Сотталғандарды оңалту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет.

  • 13 Қараша 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Халықаралық түрме реформасы (PRI) ұйымдастырған конференцияда Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Рахмет Мұқашев осылай мәлім етті.

«Өкінішке қарай, бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан адамдарды оңалту жұмыстарымен ешкім айналыспайды. Нәтижесінде олардың дені қылмыскерлердің және түрмеге қайтып түсетіндердің санын толықтырып жатады», — деді Р.Мұқашев.

Оның айтуынша, қылмыстық-сот жүйесіндегі реформаның негізінде 2010 жылдан бері бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдармен жергілікті билік айналысады. Алайда, олардың жұмысын ұйымдастырудың ортақ жүйесі жоқ. Сондықтан бұл міндетті діни немесе үкіметтік емес ұйымдар орындап келеді.

«Осы орайда қайта әлеуметтендіру және оңалту саласына ерекше мән берумен ғана шектелмей, арнайы мемлекеттік бағдарлама жасақтау қажет», — деп түйіндеді ойын Р.Мұқашев.

PRI халықаралық сарапшы мекемесі өткізген зерттеулер бойынша, тиімді әлеуметтендіру жүйесінің жоқтығынан қайта қылмысқа бой алдыратындардың саны артуда. Сонымен қатар түрмеден босап шыққандардың тек 5 пайызы мемлекеттік органдардан көмек сұрайды екен. Ал қалғандары туған-туысқандардың көмегіне жүгінеді.

Соңғы жаңалықтар