Депутат Шаекин министрлерді ҰБТ сияқты тестілеуден өткізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Шаекин министрлерді ҰБТ сияқты тестілеуден өткізуді ұсынды

Депутат Шаекин министрлерді ҰБТ сияқты тестілеуден өткізуді ұсынды

ҚР мәжілісінің депутаты Рауан Шаекин министрлерді Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сияқты тестілеуден өткізуді ұсынады.

  • 20 Маусым 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Министр үнемі өзінің кәсіби дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұруы тиіс. Ал біз оларды мемлекеттік қызметке алғанда бір рет аттестациялаймыз да, одан соң, бір креслодан екінші креслоға, оның жұмыс істей алатынын тексермей ауыстырып отырғыза береміз», — деді ол дүйсенбі күні ҚР парламент палатасының бірлескен отырысында.

«Біз бүкіл ел балаларының алдына бірыңғай шарт қойдық – ол бірыңғай ұлттық тестілеу және балаларды тексереміз, ал бүкіл елге жауап беріп отырған министрлерді біз тестілемейміз. Бұл қалай болғаны?», — деп налынды депутат.

Р. Шаекиннің пікірінше, «министрдің есебі – оның келешекте жұмысқа қабілеттілігінің көрінісі болған болар еді».

«Тек осындай емтихандардан соң біз келешекте кәсіби министрлер мен басқа мемлекеттік органдардың жетекшілерін алған болар едік», — деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар