Депутат тарихи-мәдени ескерткіштерді бүлдіргендерді қатаң жазалауды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат тарихи-мәдени ескерткіштерді бүлдіргендерді қатаң жазалауды сұрайды

Депутат тарихи-мәдени ескерткіштерді бүлдіргендерді қатаң жазалауды сұрайды

Тарихи-мәдени ескерткіштерді күйрету, оларға күйреу қаупін төндіру, күтіп-ұсталу ережелерін, реттелетін құрылыс аймағын және табиғи ландшафт аймағының пайдалану режимін бұзғандарға қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын қатайту керек. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Гүлнәр Сейітмағанбетова осы мәселені көтерді.

  • 24 Қазан 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Сауал барысында депутат елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуының арқасында тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қорғауда, сақтауда және пайдалануда бірыңғай жүйе қалыптасып, бірталай жұмыстар жасалғанын айтты. «Алайда, осы саладағы мемлекеттік уәкілетті органның тарапынан күні бүгінге дейін кейбір нормативтік-құқықтық құжаттардың қабылданбауы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қорғау ісінде елеулі қиындықтар туғызуда. Соның салдарынан, шаруашылық-өндірістік мақсатта жер игеру барысында археологиялық зерттеулер жүргізу ісінде, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруде әрізділікке жол беріледі, әркім өз білгенінше жұмыстар атқаруда, стандарттар мен ережелер жоқ. Ал оның бәрі сайып келгенде ескерткіштердің бүлінуіне, сақталмауына алып келуде», — деді Г. Сейітмағанбетова.

Оның пайымынша аталған олқылықтың орнын толтыру үшін «Реставрациялық үлгілер мен ережелер», «Археологиялық сараптама мен қазба жұмыстарын жүргізу үлгілері мен ережелері», «Мұражай экспозициясын жасақтау және қабылдау» секілді нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, қабылдау керек.

«Тарихи-мәдени мұралардың күтіп-ұсталуын қадағалау барысында туындап отырған тағы бір көкейтесті мәселе — тарихи мәдени және сәулет ескерткіштеріне зиянкестік келтірген, сақталуына қауіп төндірген, қорғау аймақтарында ескерткіштің келбетіне нұқсан келтіретін жаңа құрылыс орнатқан, ескерткішті заңсыз (жергілікті өкілетті органның келісімінсіз, қорғау міндеттемелері рәсімделмей) пайдаланған жеке адамдар мен лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуда заңдық талаптардың әлсіздігі. Қазіргі таңда ескерткішке кейбір кезде орны толмастай зиянкестік келтіргендерге «қылмыстық әрекет құрамы таобылмағандықтан» әкімшілік жауапкершілікке ғана тартылып, қолданатын шара азғана айыппұл төлеумен шектеледі. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі» нормалар ескерткіштерге зиянкестік жасағандардың «оңай құтылуына» жол беріп отыр. Олардың жауапкершілік сезінуіне себеп болмай отыр. Сондықтан, тарихи мәдени ескерткіштерді күйрету, оларға күйреу қаупін төндіру, күтіп-ұсталу ережелерін, реттелетін құрылыс аймағын және табиғи ландшафт аймағының пайдалану режимін бұзғандарға қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын қатайту керек», — дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар