Депутат: Ұлты мен дінін сатқан Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат: Ұлты мен дінін сатқан Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат

Депутат: Ұлты мен дінін сатқан Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оның есімін Қостанай облысындағы ауданға беруді ұсынды.

  • 22 Желтоқсан 2021
  • 462
Фото - Caravan.kz

Ол осылай деп депутаттық сауал жолдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып, Николай Степнов болған Әліби Жангелдин атында болуы елге де, ерге де және ең алдымен әруаққа қиянат,

— дейді Қазыбек Иса.

Оның айтуынша, Жангелдин ауданының тұрғындары атауды өзгерту бойынша президентке ашық хат та жазған.

Осыдан кейін Қазыбек Иса бір топ депуттаттың атынан еліміздің вице-премьері Ералы Тоғжановқа келесі ұсыныстарды жеткізді:

  • Ахмет Байтұрсынұлының туған ауданы мен ауылын жандандыру үшін туған жерінде 
    мемориалды кешен 
    салу.
  • Ахметтің бабасы Байтұрсынның қараусыз қалған қабірін қолға алу.
  • Қостанайдаға әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру.
  • Алматыдағы А. Байтұрсынұлының музейіне ұлттық статус беріп, мемлекет қарамағына алу.
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына айрықша статус пен қаржылық қолдау.
  • 2022 жыл ЮНЕСКО бойынша Ахмет Байтұрсынұлы жылы болғандықтан, "тіл атасының" құрметіне келесі жылды "Мемлекеттік тіл жылы" болуы.