Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын екінші оқылымда қабылдады.
Парламенті палаталары бірлескен отырысының күн тәртібінде Алатауға қатысты заң жобасы қаралды.
Естеріңізде болса, бұған дейін заң жобасы бірінші оқылымда қаралған болатын.
Депутаттар Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдауға дауыс берді.
Дауыс нәтижесі:
Сенаттан қатысқан 46 депутаты жақтап дауыс берді.
Мәжілістен қатысқан 87 депутаттың 86-сы жақтап, бір депутат қарсы дауыс берді.