аймақтарға 10 күндік іссапарға аттанады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
«Барлықтарыңыз ертеңгі күннен бастап біздің аймақтарға өте маңызды жұмыспен аттанатынымызды жақсы білесіздер. Бұл біздің сайлаушыларымызбен жай ғана кездесуіміз емес, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сондықтан, аталмыш кездесулер біздерге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр», — деді палата отырысында спикер Н. Нығматулин.
Оның сөзіне қарағанда, Мәжілістегі барлық үш фракциямен келісілген депутаттардың аймақтарға сапарларының кестесі жасалған. «Біз мұны барлығымыз жиналып талқылаған болатынбыз, мақсатымыз — облыс орталықтарымен шектелмей, барлық аймақтар мен қалаларды, ауылдық елді мекендердің басым бөлігін қамту. Бізбен бірге Сенат депутаттары да аймақтарға шығады», — деді Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин.