Жарияланды: 540

Депутаттар: несиесін төлеуге шамасы жоқ азаматтар қатты күйзелісте жүр!

Жеке адамдарды банкрот деп жариялау туралы заң қажет. Әйтпесе елімізде ипотекалық несиесін төлеуге мүлдем шамасы жоқ азаматтар қазір қатты күйзелісті бастан кешіруде. Мұндай бастаманы бүгін бір топ Мәжіліс депутаты көтерді.      

Халық қалаулылары жақында ғана Павлодарда болған қайғылы оқиғаны мысалға келтірді. Онда бір отағасы банк жалғыз пәтерін тартып алғандықтан, биік қабаттан секіріпмерт болды. Аталмыш құжат бірінші кезекте осындай қарызын қайтаруға шамасы жоқ азаматтардың құқығын қорғау үшін қажет болып отыр. Жалпы «Жеке адамдарды банкрот деп тану туралы» Заң әлемнің көптеген елдерінде бар көрінеді. Алайда депутаттар банкрот деп - несие алғандардың бәрі бірдей емес, тек табыс көзі мүлдем жоқ немесе денсаулығынан айырылған азаматтар ғана танылуы қажет деп есептейді. Қазір елімізде өзін банкрот деп тек заңды тұлғалар ғана жариялауға құқылы. Депутатар осыны алаяқ құрылыс компаниялары теріс мақсатта пайдаланып, нәтижесінде қаншама үлескер де далада қалып отыр дейді. 

Құттықожа Ыдырысов, Мәжіліс депутаты:

- Ол заңды тез арада қабылдау керек; ол өте қажет. Неге мына мекемелер банкрот деп жойылып кетеді де, қайта істейді. Міне,  адамға да сондай жағдай жасау керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін