Жарияланды: 300

Депутаттар өңір сайлаушыларымен кездесуде ауылдағы қордаланған проблемаларға назар аударуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Абай Тасболатов

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қала активімен, қалалық мәслихат депутаттарымен және Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ұжымымен кездесті. Жүздесуде депутат ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттер талқыланды. Бұдан бөлек, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ «Халықтық ІРО» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сайлаушылармен дәстүрлі кездесуге орай Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗU» күкірт қышқылы зауыты жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен жүздесті. Еске салсақ, Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауыты Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өңірдегі ең табысты жобасының бірі болып табылады. Аталған жоба Қазақстанның уран өнеркәсібін жерасты шаймалау әдісімен уран өндіру технологиясындағы ең басты реагент болып табылатын күкірт қышқылымен қамтамасыз ететін болады. Зауыт жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын өндірістік қуатқа ие. Жобаның жалпы құны 216 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауытта өнім өндірудің энергия үнемдеуші әдістері қолданылады. Соның нәтижесінде технологиялық үдеріс кәсіпорынды өз электр энергиясымен қамтамасыз етіп ғана қоймастан, өзінен артылдырып, жергілікті аудандық электр желілеріне де ток жеткізіп беретін болады. Болжам бойынша зауыт 18 Мвт электр энергиясын өндірмек. Бұдан бөлек, депутат Ұ. Сәдібеков Жаңақорған ауданы, Манап ауылындағы сайлаушылармен де кездесті. Онда ауылдағы қордаланған басты проблемаларға назар аударылды. Тоқтала кететін жайт, Манап ауылының тұрғындары салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы мерзімінен кешіккенін, оның сапасын сынға алған болатын. Осыған орай, депутат құрылыс нысанын аралап көріп, мердігер мекеменің басшылығының қатысуымен жиын өткізді. Мердігер компания өз кезегінде ауыл тұрғындарына ағымдағы жылдың 4 желтоқсанына дейін жұмыстарды аяқтайтынына уәде берді. Осылайша бұл мәселені депутат Ұ.Сәдібеков өзінің жеке қадағалауына алатынын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін