Депутаттар Қазақстанды шикізат өнеркәсібіндегі ашықтық жайындағы бастамаға біріктіру процедурасын тездетуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар Қазақстанды шикізат өнеркәсібіндегі ашықтық жайындағы бастамаға біріктіру процедурасын тездетуді  ұсынады

Депутаттар Қазақстанды шикізат өнеркәсібіндегі ашықтық жайындағы бастамаға біріктіру процедурасын тездетуді ұсынады

Мәжіліс депутаттары Марал Итеғұлов пен Сатыбалды Ибрагимов үкімет басшысы Даниал Ахметовқа шикізат өнеркәсібінде жариялылықты қамтамасыз ету туралы бастамаға біріктіру процедурасын тездетуді өтініп депутаттық сауал жолдады. Бұл сауал бүгін, 16-наурызда палатаның жалпы отырысында жария етілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 16 Наурыз 2005
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның бұл бастамаға бірікпеуі — еліміздің халықаралық сахнадағы беделіне көлеңке түсірмек»,- деп пайымдайды халық қалаулылары. Олардың пайымдауынша, Қазақстанның бұл құжатқа бірігуі «дүниежүзілік қауымдастыққа республика үкіметінің шикізат өндіру саласында жариялылық, есеп берушілік және қоғам тарапынан қадағалау принциптеріне бағынатынын паш ететін бір белгіге» айналмақ. «Сонымен бірге Қазақстан табиғат байлықтарын демократиялық басқарудың түпқазық қағидаларын әлемнің басқа елдеріне де таратушы ролін өзіне жүктеп ала алады»,- дейді депутаттар.

Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында Йоханнесбург қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі саммитте жария еткен.
Бастаманың мақсаты — шикізат өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпараттарды, сондай-ақ, табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтері тапқан пайданы жариялы болдыруға қол жеткізу.
Қазіргі жағдаймен бастамаға Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, Жапония, Норвегия, Индонезия, Нидерланды, Нигерия, Әзербайджан, Қырғызстан елдері біріккен.

Перейти к новостям спорта