Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын қарастырады

Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын қарастырады

30 қазанда Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің пленарлық отырысы өтеді. Оның барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы депутаттық заң жобасы қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.  

  • 28 Қазан 2013
  • 440
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар, Қазақстанның Түркия және Қытаймен сотталған тұлғаларды өзара беру туралы шарттарды ратификациялау заң жобалары, сондай-ақ Чехиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобалары қарастырылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан сенаторы Сергей Громовтың қатысуымен 30-31-қазанда Ереванда ҰҚШҰ ПА-ның Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтеді.