Депутаттардың барлық сауалдары бойынша Үкімет отырысы өткізіледі
Премьер-министр Кәрім Мәсімов депутаттардың барлық сауалдарына жауап береді. |
Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысының барысы туралы Твиттердегі блогына жазды.
«Үкіметтің Парламент алдындағы есебі басталды. Депутаттар да жер басып жүрген адамдар. Олардың сауалдары да күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты. Жауап та нақты берілуі керек. Депутаттардың барлық сауалдары бойынша Үкімет отырысын өткіземін. Барлық сауалдарға жауап беріледі»,- деп жазды негізгі міндеттерді нақтылаған Үкімет басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін