Депутаттардың сауалдары көп жағдайда жекелеген шаруашылық субьектілерінің мүддесіне лобби жасауға бағытталады - ҚР үкімет басшысының кеңсесі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттардың сауалдары көп жағдайда  жекелеген шаруашылық субьектілерінің мүддесіне лобби жасауға бағытталады - ҚР үкімет басшысының кеңсесі

Депутаттардың сауалдары көп жағдайда жекелеген шаруашылық субьектілерінің мүддесіне лобби жасауға бағытталады - ҚР үкімет басшысының кеңсесі

"Депутаттардың сауалдары көп жағдайда жекелеген шаруашылық субьектілерінің мүддесіне лобби жасауға бағытталады деп сипаттауға болады". Бүгін, 24-желтоқсанда Астанада "Депутаттық сауал - парламенттік демократияның маңызды элементі" тақырыбы бойынша өткізілген халықаралық семинарда үкімет басшысының кеңсесі жетекшісінің орынбасары Қайрат Смағұлов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 605
Фото - Caravan.kz

«Біздің бағалауымызша, бұрынғы жылдары жалпы хаттар легінің ішінен осындай сауалдар 30 процентті құрайтын»,- деді Қ.Смағұлов. Оның айтуынша, «биылғы жағдайды артықша қолайлы деп бағалауға болады». Дегенмен, проблема әлі де бар, деді ол. Қ.Смағұловтың айтуынша, «кей жағдайларда депутаттық сауалдар іс жүзінде үкіметтің орта мерзімді бағдарламасына арқау болған негізгі әрекеттеріне қайшы келіп жатады».

«Биылғы жылдың 1-қаңтары мен 1-қарашасы аралығында ҚР үкіметіне келіп түскен 304 депутаттық сауалдың 284-і немесе 93 проценті үкімет басшысының атына жолданған»,- деді Қ.Смағұлов. Жалпы сауалдардың 28 проценті немесе 85 депутаттық сауал халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне арналған. Экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне сауалдардың 16 проценті немесе 48 депутаттық сауал, әлеуметтік саланы дамытуға 44 сауал немесе 15 проценті, төтенше жағдайлардың зардабын жою немесе алдын алу және экологиялық мәселелерге 19 сауал немесе 6 проценті, салық салу жүйесі мен төлемдер мәселесіне сауалдардың 4,6 проценті немесе 14 депутаттық сауал арналды.
«Депутаттық сауалдарда алға тартылған тауқыметтер жүйелі сипатта болған жағдайда және конструктивті ұсыныстарға үкімет міндетті түрде назар аударады. Әсіресе сауалдардағы тауқыметтерді шешуге бағытталған нақты ұсыныстар болса тіптен нұр үстіне нұр»,- деді кеңсе жетекшісінің орынбасары. Оның айтуынша, үкімет 304 сауалдың 124-ін қолдады. Бұл жалпы көлемнің 41 процентін құрайды. «Сауалдардың 18 проценті немесе 56 депутаттық сауал тек сауал сипатында болғандықтан, үкімет оларға қатысты түсініктемелер берді»,- деді Қ.Смағұлов.

Перейти к новостям спорта