Депутаттың бетіне түкірді! Р.Балгин Бердоңғаровтан кегін қайтармақ болыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттың бетіне түкірді! Р.Балгин  Бердоңғаровтан  кегін қайтармақ болыпты

Депутаттың бетіне түкірді! Р.Балгин Бердоңғаровтан кегін қайтармақ болыпты

Депутаттың бетіне түкіріп өш алды. Журналист әрі оқытушы Рафаэль Балгин Мәжіліс депутаты Бердоңғаровтан осылайша кегін қайтармақ болыпты.

  • 8 Шiлде 2011
  • 594
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, халық қалаулысымен арадағы дау осыдан 8 жыл бұрын болған. Ол кезде Рафаэль Балгин университетте сабақ беріп жүрген. Алайда шәкірт қыздарының бірімен сөзге келісіп қалыпты. Сол кезде өзін әлгі бойжеткен студенттің сүйіктісімін деп таныстырған  Бердоңғаров оған қоқаң-лоққы көрсеткен екен. Тіпті соның кесірінен педагогтың жұмыс орнын ауыстыруына тура келіпті. Кек қайтарудың реті енді түскен. Депутатты көшеден көріп қалған журналист «жұрттың көзінше оған түкіріп жібердім»дейді. Ол да қарап қалмаған көрінеді. Бірақ Бердоңғаровтың өзі  аталмыш  мәселеге қатысты сұхбат беруден баст тартты. Тек бетіне түкірген журналистті сотқа бермек.


Рафаэль Балгин, журналист:

— Мен ол сәтте ештеңе ойлаған жоқпын. Тек бар ойым,егер оның мұрнын бұзсам, сотталып кетімін, сондықтан бетіне түкіріп жібердім. Есесіне,көңілім көншіп қалды.   

Соңғы жаңалықтар