Депутаты «көңілдендіретін газға» тыйым салу мәселесінде салғырттық танытып отырғанына наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаты  «көңілдендіретін газға» тыйым салу мәселесінде салғырттық танытып отырғанына наразылық білдірді

Депутаты «көңілдендіретін газға» тыйым салу мәселесінде салғырттық танытып отырғанына наразылық білдірді

Мәжілістің бір топ депутаты жастар арасында адамды ақыл-естен айырып, миын айналдыратын заттардың көптеп таралып отырғанына алаңдаулы.

  • 24 Қазан 2012
  • 459
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында премьер-министр Серік Ахметовке жолдаған депутаттық сауалымен таныстырған депутат Виктор Киянский былай деді: «Республикамыздың біресе ана тұсында, біресе мына тұсында барлар, дискотекалар, кафелер мен түнгі клубтарда адамдардың денсаулығын құрту арқылы күреп пайда табатын бизнесмендер көбейді. Қолдан жасалған сапасыз спиртке енді қауіпті заттар көптеп қосылып жатыр».

«Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, коктейль, кальян, шегу қоспалары, энергетикалық сусындар мен улы желімдерге соңғы кезде «азот қышқылы толтырылған шарлар» қосылған», — дейді депутат.
Оның айтуынша, интернетте осыдан жарты жылдай уақыт бұрын насихаттала бастаған «көңіл көтерудің» бұл түрі жастар санасын дендеп алған.
«Ал, оның есірткі заттары тізіміне енгізілмегенін айтқан бақылаушы органдар қол қусырып қарап отыр», — деп атап өтті В.Киянский.
Халық қалаулысының пікірінше, бұл «прекурсорға жатпайтын, бірақ аса қауіпті химиялық заттарды тасымалдау және сату саласын бақылау жүйесін жетілдіру қажеттігін» дәлелдеп отыр.
«Қарап отыра беретін болсақ қыша мен сарымсақ газы толтырылған шарлардың пайда болар күні алыс емес. (…) Ақпарат құралдары ел аумағында қылмыс жасаған террористердің өсімдік тектес заттардан жасалған сананы улағыштарды пайдаланғанын аз жазған жоқ», — деп қосты В.Киянский.
Депутаттық сауалдың соңына бір топ депутат қол қойған.

Соңғы жаңалықтар