Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен бұған жауап бермейін деп едім, бірақ оқырмандардың сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, менің бұрынғы продюсерім атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатоватың әйелі Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат берген. Барлықтарыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене-бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғандарын көріп менің қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің намысым бар, ешкімге өзімді таптатпайтын қызбын. Өткен жолы айтқанымдай, мен ешкімнен қорықпаймын, кімнің жары болсаңыз да. Астанаға арман қуып келдім. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келген болатынмын. Әкем күзетші, анам ұстаз. Сіздер сияқты асып-тасып жатқан байлықтары жоқ. Ата-анаманың үмітін ақтау үшін Астанаға келдім. Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп жұмыс істеуді ұсынды. Астанада мені қолдайтын адам бар екен, қорғайтын адам бар екен деп келісім-шартқа отырдық. Ол келісім шартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені әзіл әлеміне шығару керек болатын, киноға түсіру керек болатын, киіммен қамтамасыз ету керек болатын, концерттермен қамтамасыз ету керек болатын және ай сайын айлығымды уақытында төлеп отыру керек болатын. Өкінішке орай, бұл кісілер бес тараптың біреуін де орындаған жоқ. Мені жаз бойы байлардың тойына, депуттардың тойына, министрлердің тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды. Бір минист ағамыз домбыра сыйлаған еді, ол домбыраны Мөлдір ханым "саған бере алмаймын, мен арқылы алдың" деп өзінің үйіне қойып қойды. Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін деп телефонымды алмай қойдым. Мен тек бір Алладан ғана қорқамын, басқа ешкімнен қорықпаймын. Қай жерде жұмыс істесе де, кімнің әйелі болса да. Сондықтан Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға, маған төлемеген айлықтарыңызбен байып кете қойыңыздар. Аман болыңыздар, бірақ та менің мазамды алмаңыздар. Аяқтан шалмаңыздар. Өтірік айтып, байбалам салмаңыздар.Сау болыңыздар, қазақ елі әділдікті сүйеді", — деп сөзін аяқтады айтыскер ақын.