Дербес деректер туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дербес деректер туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Дербес деректер туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Дербес деректер туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

  • 14 Қараша 2012
  • 343
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатты әзірлеу дербес деректерді жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, өзгертуді, пайдалануды, жоюды қоса алғанда дербес деректермен жұмыс істеу тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігіне байланысты туындаған.

Бұл ретте, адамның дербес деректерін жеке өмірі туралы мәліметтерге жатқызуға болады. Себебі, олар осындай ақпараттың негізінде анықталатын жеке тұлғаға қатысты ақпаратты білдіреді.

Алайда, қолданыстағы заңнамада дербес оның ішінде биометриялық деректердің құқықтық жағдайы реттелмеген. Ал, тиісті тетіктердің болмауы дербес деректерді қылмыстық мақсаттарда теріс пайдалануға, оны ішінде жалған құжаттар жасауға, алаяқтыққа, әртүрлі көшірмелер жасап таратуға алғышарттар жасайды. Осыған байланысты заң жобасында азаматың дербес деректерін өңдеген кезде оның құқықтары мен бостандықтарын, жеке өмірі мен отбасы құпиясына қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар