Дерматология ғылыми орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды  - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дерматология ғылыми орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды 

Дерматология ғылыми орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды 

Сонымен қатар, оның орынбасары да күдікке ілінді.

  • 22 Шiлде
  • 8
Фото - Caravan.kz

Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.   

«Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды», — деп хабарлады Антикор. 

Тергеу жалғасуда.