"Диагноз қойылмай жатыр": Блогер өзіне сиқыр жасаған адамға видео үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Диагноз қойылмай жатыр": Блогер өзіне сиқыр жасаған адамға видео үндеу жолдады

"Диагноз қойылмай жатыр": Блогер өзіне сиқыр жасаған адамға видео үндеу жолдады

Блогер желіге тосын видеосын жариялады. Ол өзіне сиқыр жасаған адамға үндеу жолдады. 

  • 7 Тамыз 2023
  • 392
Фото - Caravan.kz

Сырқатына диагноз қойылмай жатқанын айтқан ол, қазір ұстаздарға дем салдырып жүргенін жеткізген. Және сиқыршыға Алладан кешірім сұрауы керектігін ескертіпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы тілшісі. 

"Ей маған сиқыр салушы Құдайдың бір пендесі! Алладан қорықпадың ба? Білем, сен мені құртқан боларсың. 10 күннен бері ішек құрылысым, аяқ-қолым дірілдеп, ішімнің бәрі ауырып, жан дүнием өртеніп жатыр. 10 күнде қаншама салмақ жойдым. Көріп отырған жандар біледі. Менің бұрынғы түрім қандай? Қазіргі түрім қандай? Осы сиқырды саларда Алладан қорықпадың ба? Тозақтан орын алдым деп ойламадың ба? Тым болмағанда көздері жәутеңдеп күтіп отырған жетімдер үшін осыны істемесең болмас па еді? Ауырып жатқан адамдар "Ілияс бауырымыз келеді" деп  үміт күтіп жатыр. Білем, мен бұл дүниеден өтермін.  Бірақ, Алла әділ. Мына өмірде кездеспесем де мен сенімен қияметте кездесемін. Қияметте ақымды аламын", — деген ол. 


Қайырымдылық шараларымен көпке танымал блогер Ілияс есімді азамат мұны тіл-көзден гөрі дуа, сиқырға көбірек ұқсататын сыңайлы.

"Білемін, тіл-көз бар. Бірақ, мынадай сиқыр маған түсініксіз болды. Маған осындай қастандық жасауыңа не себеп болды?  Көреалмаушылық түбіне жетті ме? 

Диагноз шықпай жатыр. Ұстаздарымызға Алла разы болсын. Оқып жатыр. Емделуге тырысып жатырмын. Елдің дұғасы бар. Мен жазыламын. Сіздің кім екеніңізді білмеймін. Дереу Алладан кешірім сұра", — дейді. 

Өзінің мүшкіл халі туралы бірнеше видео жариялапты. Пәтер ауласында кілт құлаған, аурухана төсегіне таңылған, дем салдырып жатқан сәттерін көрсетіпті. 

Өзінің танымал әріптестері де науқастың көңілін сұрап жиі келетін ұқсайды.