Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

Дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова мен ақын әрі жазушы, кинематографист Дидар Амандай көңіл жарастырып, шаңырақ көтеруге шешім қабылдады. Қос өнерпаз ұзақ уақыттан бері қарым-қатынастарын жасырып келген болатын.

  • 20 Шiлде 2016
  • 4397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өнер әлемінің қос жұлдызы шаңырақ көтерді.  Осы уақытқа дейін жазушы әрі ақын Дидар Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында жерлесі Гүлбаршын Тергеубековаға махаббат жырын арнаған болатын. Дәстүрлі әншінің туған күніне арналған өлең төмендегідей:

“Ұшып келе жатырмын көкті тіліп ұшақта,
Көрмегелі қалқаны болған еді үш апта,
Құшақтасам сені егер басып-басып кеудеме,
Сен де мені жібермей қатты-қатты құшақта!

Қуанасың баласын жолдан күткен анадай,
Көздеріңді сағындым жарқыраған танадай,
Жанарыңа жарты әлем сыйған мөлдір тұнық көз
Он сегіз мың ғаламды ойға тұтқан санадай.

Қабағымен шешеді ер-азамат жанжалын,
Қазағыма Қазыбек, Мәди берген Шаншарым,
Жалған сөзді жаратпай жарып тастар қанжарым!
Ат байлайтын… жан жарым!

Қияды екен басқаға қызық-думан шақты кім,
Маған ғана арнаған бар ғұмырын, уақытын,
Нақ сүйерім – тағдырдың маңдайыма жазғаны,
Нағыз ерін таныған нағыз менің бақытым!


Бұл өлеңді ақын 2016 жылдың 28 қаңтарында жазған-ды. Артынша Дидар Амантай парақшасына Гүлбаршын Тергеубекованың суретін салып, тұсына Дмитрий Маликовтың “Кто тебе сказал?” әнін жазып қойған. Десе де, екі өнерпаз қарым-қатынастары туралы осы күнге дейін ешнәрсе ашып айтпаған. Енді міне қос ғашық шаңырақ көтеріп, отбасын құруды жөн көрген.

Бұл жаңалықты естіген әншінің әріптестері қатты таң қалған. Себебі, олар күйеу жігіттің кім екенінен бейхабар екен. “Гүлбаршын жаным, бақытты бол! Барған жеріңде бағың ашылсын! Бірақ қайда шыққан екен?” – дейді Шахизада Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасының журналистеріне.

Гүлбаршын Тергеубекова мен Дидар Амантай да Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Дәстүрлі әнші ұзақ жылдан бері екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Ол отандық бағдарламалардың бірінде басының бос екенін айтқан болатын. Әріптестері ғашықтарды құттықтап қана қоймай, тойға шақыру күтетіндерін жеткізді.