Жарияланды: 420

ДИЭФ аясында 15-тей келісім мен келісішарттарға қол қойылды

Астанада 3 күн бойына өткен VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форум аясында шамамен 15-тей келісім мен келісімшартқа қол қойылды, деп вице-премьер, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бейсенбі күні форумның жабылу рәсімінде мәлім етті.

«Қазірдің өзінде Астанада өткен форумға деген оң көзқарастар Ислам даму банкімен Қазақстанның келешекте де жемісті ынтымақтастықты дамытуына септігін тигізіп отыр. Сондай-ақ осы банк Қазақстан ауыл шаруашылығына жеңілдіктегі несие беретіндігі туралы келісімшартқа қол қойылды», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін