Жарияланды: 590

ДИЭФ аясында іскер әйелдер форумы өтуде

Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясындағы Іскер әйелдер форумы өтуде.

Жиынның тақырыбы «Әйелдер және бизнес: табандылық пен сенімділік» деп аталады. Форумның бүгінгі жұмысы аясында іскер әйелдер және жас көшбасшылар форумы ашылды. «Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы бүгінгі күні іскер әйелдер арасында сауда-саттықтың, инвестицияның жандануына, сондай-ақ ислам мемлекеттері арасындағы Ұйымға қатысушы елдердің әйел кәсіпкерлігіне көп назар аударып, біршама күш жұмылдырып отыр. Бұл бағытта тиімді желілер, бизнес қатынастар құрылуда. Сондықтан да біз әлемнің әр түкпірінен ДИЭФ аясындағы іскер әйелдер форумына қатысушыларды құшақ жая қарсы аламыз. ДИЭФ-тің негізгі бағыты, сондай-ақ іскер әйелдер желісінің басты мақсаты бизнес-инвестиция және сауда һәм экономика», - деді форумды ашып сөз сөйлеген ДИЭФ Іскер әйелдер қанаты төрайымы Норраесах Мохамед. Оның айтуынша, бүгінгі басқосудың тақырыбы бизнестегі әйелдер мәселесін қамтиды. Сонымен бірге, әйелдер қауымының әлемге ықпалы мәселесіне тоқталған Норраесах Мохамед ханым, бүгінгі заман әйелдері тек «кофе қайнатуды ғана емес, бизнесті дөңгелетуді де жақсы меңгергенін» атап өтті. «Қазір әлемдегі әйелдер жағдайы біршама жақсарып келеді. Әрине, олқылықтар баршылық. Дегенмен, Астанадағы қазіргі басқосудың жан-жақты қолдау табуы осындай олқылықтарды толық жоюға жол ашады», - деді мейман. Оның айтуынша, қазіргі әлемдік статистика бойынша парламентші әйелдер 30 пайызды, сондай-ақ 1 пайыз ғана директорлар кеңесінің төрайымы нәзік жандылар болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін