ДИЭФ іскер әйелдер желісінің аймақтық семинарын Астанада өткізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
ДИЭФ іскер әйелдер желісінің аймақтық семинарын Астанада өткізуді ұсынады

ДИЭФ іскер әйелдер желісінің аймақтық семинарын Астанада өткізуді ұсынады

ДИЭФ іскер әйелдер желісінің аймақтық семинарын Астанада өткізуді ұсынады.

  • 7 Маусым 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясындағы Іскер әйелдер форумы барысында Ұйымның Іскер әйелдер қанатының төрайымы Норраесах Мохамед мәлім етті.

«Бүгінгі күні әлемнің барлық мемлекеттері соңғы бірнеше жылдар бойы әйелдер қауымының әр мемлекеттің гүлденуіне қосқан қомақты үлесін мойындай бастады. ДИЭФ-тің осы бағыттағы жұмысы да ауқымды. Оның ішінде әйелдердің іскерлік желісі нәзікжандалырдың бизнесін арттыруда, тұрақты қоғам құруда маңызды рөл атқарады», — дейді Н. Мохамед. Оның айтуынша, аталған әйелдер желісі екі деңгейде өтеді. Бұның бірі форум ретінде ұйымдастырылып, онда желілік пікір алмасулар орын алады. Ал екінші деңгей аймақтық семинар ретінде өткізіледі. «Біз Астанадағы бүгінгі алқалы басқосудың мүмкіндігін лайықты пайдалануға тиіспіз. ДИЭФ осыған дейін іскер әйелдерге арналған екі семинар өткізді. Оның бірі Малайзияда өткен болатын. Әлемнің әр елдерінен келіп жатқан алғыс жолдаулардың өзі семинардың тиімділігін айғақтаса керек. Сонымен қатар, біз аймақтық семинарды алдағы уақытта да өткізетін боламыз. Бұл ретте Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, аймақтың семинарлардың бірін Астанада өткізуді ұсынбақпыз», — деді Н. Мохамед.

Соңғы жаңалықтар