Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды.

  • 6 Маусым 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылған болатын.

Айта кетері, Дикий Арман қаңтар айында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді. 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" мен ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды. Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар күдікпен қалалық мәслихаттың депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген де ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге "Қазақстан" қонақ үйіне адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің айналасына топтасуға, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар қоюға шақырған. Сондай-ақ адамдарды 10 адамнан "ұяшықтарға" бөліп, ерекшеленіп тұру үшін қолдарына ақ таңғыш байлауға нұсқау берген.

Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірген жаппай төбелеске ұласты, деді Бас прокуратура.