Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.